Кез келген уақытта, кез келген
мәселе бойынша кеңес алыңыз
Өзгерістерді байқадыңыз ба? Сізді бір нәрсе мазалайды ма? Бізбен байланыса аласыз. Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз көмектесеміз.
Балаңыздың мінез-құлқы немесе психикалық денсаулығы туралы алаңдайсыз ба? Сіз жалғыз емессіз.
Құрбыларыңмен кеңесу және дос ретінде сөйлесу мүмкіндігі:</с>
JANYM – Қазақстан Республикасының балаларына, жасөспірімдеріне (жеткіншектерге) және ата-аналары мен олардың жасөспірім балаларына қатысты мәселелер бойынша тегін психологиялық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Біз өскелең ұрпақ үшін әртүрлі әлеуметтік желілерде пікір алмасу, дамыту және өз идеялары мен эмоцияларымен бөлісуге болатын онлайн платформа ұйымдастырдық.
Әдетте, бұл сұраныспен жұмыс істеудің алдынғы кезеңі. Негізі бұл маман мен сұраныс білдірушілердің арасындағы диалог. Консультация процесінде психолог кері байланыс ретінде, мәселенің шешімін табудың негізін құрайтын сұранысқа байланысты алдын-ала мүмкін болатын ұсыныстар береді. Біздің жоба аясында бізбен хабарласқан сайын (сайтта сұраныс қалдырған кезде) біз мессенджер немесе қоңырау арқылы бір немесе екі рет кеңес ала аламыз. Біраз уақыттан кейін сіз қайта сұраныс беру қажеттілігін сезсеңіз, біздің веб-сайтта қайта сұраныс беруіңіз керек. Егер сұраныс қалдырып, сізбен үш күн ішінде ешкім хабарласпаса, онда Instagram-нің немесе тикток direct-ке жазыңыз)
Егер сіз жобаның ерікті волонтеры болғыңыз келсе,онда волонтерлік сұраныс формасын толтырыңыз. Біздің іс-шаралар туралы хабарландыруларды janym_org instagram парақшамыздан көре аласыздар. PS: егер сіз кеңес алуға сұраныс қалдырғыңыз келсе, онда волонтерлерге арналған формада сұраныс қалдырмайсыз)
Кімге жүгінеріңізді білмей қалатын әртүрлі жағдайлар болады. Мүмкін сіз қорқатын шығарсыз, мүмкін бұл туралы айтуға ұялатын шығарсыз, мүмкін сізді ешкім түсінбейді деп ойлайтын шығарсыз … Бірақ мұндай жағдайларда қалай күресуге болатынын білетін мамандар әрқашан бар екенін біліңіз. Ешқашан үміт үзбе. Әрқашан шығу жолы бар. Сұраныс қалдырып, күте аласыз немесе дереу біздің сенім телефонымызға қоңырау шалып, сол сәтте кеңес ала аласыз.
Жоқ. Біздің мақсатымыз құпия, тегін көмек көрсету болғандықтан, Сіздің келісіміңізсіз ешқандай ақпарат ешкіммен берілмейді. Толығырақ
ps: Біз туралы көбірек пікірлерді төменде, осы жерден немесе осы жерден таба аласыз.
Сұранысыңызды осында қалдырыңыз, біз сізбен волонтерлік қызметке қатысты хабарласамыз