KZ
Жобаға көмектесу

«АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры

“АНА ҮЙІ” қоғамдық қоры 2013 жылдан бастап жаңа туған нәрестелерден бас тартудың алдын алуға бағытталған “Ана үйі” әлеуметтік жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты – аналардың жаңа туған балаларынан бас тартуының алдын алу, баланы туған отбасында анасымен бірге сақтау. қоғамдық қорды 22 қазақстандық бизнесмен қаржыландырады. 7 жыл ішінде, жоба 5000-нан астам отбасыларға, баласақтауға көмектесті. Жыл сайын жоба қиын жағдайға тап болған және балаларынан бас тартуға ниеттенген жаңа туған балалары бар 500-ден астам жас әйелдерге көмек көрсетеді.

Жоба аясында жас аналарға материалдық көмек, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіледі. Әйелдер өз балаларымен аналар үйлерінде бала 1-1,5 жасқа толғанға дейін, қордың толық қамсыздандыруында бола отырып тұрады. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында біздің мамандар ҚР барлық оқу орындарында, медициналық мекемелерінде жылына 5000 – нан астам адамды қамтитын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халық арасында жыл сайын ақпараттық буклеттер тарату арқылы ақпараттық науқан жүргізіледі-100 мың. дана 10 ТВ, қоғамдық көлікте, халық көп жиналатын орындарда әлеуметтік роликтер, радиодан Ақпарат және т.б. бүкіл ел бойынша. (негізінен аймақтарда).