KZ
Жобаға көмектесу

Жасөспірім кезден бастап әйел денесі жүктілікке дайын бола бастайды. Менструация — осы белгілінің бірі, сондықтан, оны ұят деп санауға болмайды❤️

🗣Менструация туралы ашық әңгімелесу — әйелдердің құқығын қорғауға жол береді, оларды репродуктивті денсаулықпен байланысты мәселелерден сақтайды.

Алғашқы менструация. Мен өзіме ыңғайлы болу үшін не істей аламын?⬇️

💬Әйел ағзасы туралы кітаптардан немесе ғаламтордан оқы, менструациясы бар қыздармен сөйлес.

Бұл қорқыныш сезімінен құтылуға көмектемеді. Ал егер сен ұялып тұрсан, анонимді түрде өз сұрақтарынды shyn.kz платформасында қоя аласын.

🌿Сөмкеңе гигиеналық заттарды алдын ала салып қой.

Алғашқы менструация кезінде гигиеналық прокладкаларды қолданған жөн. Оларды әр 4 сағат сайын ауыстыру керек, сондықтан бірнеше данасын сөмкеңе сал. Менструация басталғанда жақындағы әйел адамдардан немесе достарыңнан осы заттарды сұрауды қорықпа. Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз.

💦Күніне екі рет немесе одан да жиі жуын.

Міндетті түрде ванна емес, душты қолдан, себебі бұл инфекция қаупін төмендетеді. Әсіресе, дәл сол себеппен бассейнде немесе ашық су қоймаларында шомылудан аулақ бол.

🫂Сезімдеріңмен бөліс.

Егер сен аздап күйзеліске түссен, сені қолдайтын адамдар бар екендігін ұмытпа. Сен өз сезімдеріңді досыңмен, анаңмен немесе Janym психологымен бөлісе аласын! Олар сені жақсы түсінеді, өйткені олар да ай сайын менструациядан өтеді.

🏡Ауырсынуды тоқтатуға тырыс.

Ағзада гормоналды өзгерістер болғанда дене ауырсынады, бұл қалыпты жағдай. Сенің дем алуға құқығын бар, өз-өзіне қиын міндеттерді алма. Йогамен айналысып көр: ғаламторда менструация кезіндегі ауырсынуды тоқтататын арнайы йога жаттығулары бар.

🗓Менструацияның бірінші күнінен бастап менстрация күнделігін жүргізуді әдет қыл.

Осы ақпарат бірдеңе болған жағдайда дәрігер-гинекологқа өте маңызды ақпарат беріп, мәселені шешуде үлкен үлес қосады.

❤️Өз-өзіне қамқор бол.

▫️ ▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен @samruk_kazyna_trust жүзеге асырылады