KZ
Жобаға көмектесу

Темекіні қалай тастауға болады?

Кез-келген адам темекі шегуден бас тарта алады.

Біріншіден, жарайсың, сен дұрыс жолда тұрсын! Сіз осындасыз, демек сен темекіні тастауға үлкен қадам жасадың, өйткені темекіні тастау оңай емес.

Қалай бастасам болады?💭

1. Темекіні тастағың келетін барлық себептерді тізіп жаз. Мысалы, үнемделетін ақша немесе спортпен шұғылдану арқылы алатын төзімділік.

2. Қолдау ал. Достарыңнан немесе @janym_org -тан темекіні тастау үшін көмек сұрап көр.

3. Темекіні тастаған күнді жоспарла. Мұны күнтізбеңе жазып, достарыңа сол күні темекіні тастағаныңды айт.

4. Темекіні саған еске түсіретін нәрселерден, соның ішінде күлден, зажигалкадан және, иә, тіпті жасырған соңғы қорабыңнан құтыл.

5. Темекі шегуді қатты қалаған кезде темекіні сәбіз таяқшаларымен, қантсыз сағызбен, тіс тазалағыштармен немесе кәмпиттермен алмастыр.
6. Баста. Күн сайын темекі санын немесе мөлшерін азайтуға тырыс, мүлдем темекіні тастамағанша осылай істе.
7. Шыдамды бол. Ағзамыз темекіге тәуелді болғандықтан, ол темекіден бас тарту ниетіне қарсы қиындықтарды туғызады: бас ауруы, ашуланшақтық, қуаттың жоғалуы немесе тамақтануға деген ықылас пайда болады.

Сүрініп қалсан, берілме! Қателескен кезде көп үйренесің. Бұл сенің сәтсіздікке ұшырағаныңды білдірмейді. Бұл сенің адам екеніңді білдіреді. Келесі үш тәсіл көмек бола алады: өз-өзіне қателесуге рұқсат бер, жасаған жетістіктеріңді бағала және темекіні неге тастағын келетінін өз жақындарын саған еске түсіргенін сұра.

Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен @samruk_kazyna_trust жүзеге асырылады