KZ
Жобаға көмектесу

Бұл қалыпты жағдай!

Бір нәрсе жоспарға сәйкес келмесе, өзіңді жиі сынайсың ба? Мысалы, сен үй тапсырмасын орындаудың орнына демалғың келсе, немесе бір нәрсе жасағаннаң кейін жағымсыз ойлар келсе, қалай?

Осындай жағдайлар жиі болып тұрса, онда әрбір жағымсыз ойдың соныңа келесі сөйлемді қосуға тырыс:

БҰЛ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ!

Бұл фраза өзіңді және өз эмоцияларыңды қабылдауға көмектеседі, нәтижесінде психикалық денсаулығыңа да оң әсер етеді.