Эмоция біз үшін өте маңызды және оларды ешкім толығымен өшіргісі келмейді — жақсыны да, жаманды да сезіну біз үшін пайдалы. Эмоциясыз өмір сүру мүмкін емес. Алайда, олар әрқашан 100%-те қосылып тұрса — эмоционалды күйзелістің пайда болу қаупі жоғары болады.
⠀
Сондықтан, эмоцияларды реттей білу маңызды. Ол үшін не істеу керектігін білгің келе ме??⬇️
⠀
Ашу ↔️ Ойымды реттеп, аңығырақ ойлау үшін маған үзіліс жасау керек.
⠀
Қайғы ↔️ Мен өз сезімдерімді мойындауым керек және өзіме қуаныш әкелетін істерді жасауым керек.
⠀
Мазасыздық ↔️ мен қазіргі сәтке назар аударып, терең тыныс алуым керек.
⠀
Жалғыздық сезімі ↔️ телефонмен байланысып, біреумен уақыт өткізуім қажет.
⠀
Стресс ↔️ Мен назарымды өзім шеше алатын мәселелерге аударып, басқара алмайтындарды ойымнан шығаруым қажет.
⠀
Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен @samruk_kazyna_trust жүзеге асырылады