Айырылысу кезеңін қалай өткеруге болады?
Айырылысудан кейін өздеріңізді жаман сезінсеңіз — бұл қалыпты жағдай. Кейбіреулер үшін бұл кезеңді өткеру — оңай, және бірнеше күн жеткілікті болады, ал басқалар үшін айлар қажет.
Айырылысудан кейін жеңілдену сезімін қалай алуға болады?
- Өзіңізге үзіліс беріп, жылаймын десеңіз, жылаңыз.
- Өзіңізде кемшіліктер табуды тоқтатыңыз. Сізбен бәрі жақсы.
- Өткенді ұмытуға тырысыңыз, бұрынғы сүйіктіңіздің өміріне қызығушылық танытуды тоқтатыңыз.
- Егер ойлар тыныштық бермесе, өз істеріңмен айналысыңыз.
- Хат жазыңыз. Оны ешқайда жіберудің қажеті жоқ. Олардан құтылу үшін қағазға жағымсыз ойлар мен эмоцияларды төгу жеткілікті. Бірнеше рет оқып, оны өртеп жіберіңіз.
- Өзіне-өзі көмектесу техникасын меңгеріңіз. Мұны Janym психологынан тегін кеңес алу арқылы жасауға болады.
Егер сізге осы мәселе бойынша көмек керек болса, біз сізді Janym.org сайтында күтеміз.
Біз 10-18 жастағы жасөспірімдерге тегін және Қазақстан бойынша онлайн режимінде психологиялық кеңес береміз.