Үздік оқушы синдромы – психологияда идеалға қол жеткізу керек және жетілмеген жұмыстың өмір сүруге құқығы жоқ деген сенім. Негізінде бұл басқалардың мақұлдауына тәуелділік және сәтсіздікке жол бермеу болып келеді.
Үздік оқушы синдромы – оқу үдерісінен ләззат алмай, жоғары бағалар алуға ұмтылу.
Үздік оқушы синдромының себептері:
Құрметті ата-аналар, оқу қажет және пайдалы, бірақ бала әрқашан бірінші болуға міндетті емес. Ең бастысы, бала өзін бақытты сезінуі тиіс. Үздік оқушы синдромынан құтылу үшін, балаңызға оқуға деген позитивті көзқарас қалыптастыруды үйретіңіз. Балаңызға қателіктер өмірдің соңы емес, оқу процесінің бөлігі екенін түсіндіріңіз.
Балаңызды жақсы көретіндігіңіз оған сезілмеуі мүмкін. Сондықтан, сезімдеріңізді іс-әрекеттермен көрсетіңіз, мақтаулардан және эмоцияларды көрсетуден тартынбаңыз. Қандай бағалау болмасын, араларыңызда сенімді және жылы қарым-қатынастың болуы маңызды.