KZ
Жобаға көмектесу

БУЛЛИНГТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

Буллинг адам үшін улы, өйткені ол өзі туралы жаман ойлай бастайды. Ең бастысы, саған қиянат жасайтын адамның идеялары сен туралы емес екенін түсіну керек. Өз-өзіңмен қауіпсіз диалог жүргіз.

Ол үшін сен буллинг механизмін түсініп, өз-өзіңді күтуің керек:

Ағарту. Жеке ерекшеліктеріңді қабылдауға көмектесетін кітаптар, мақалалар, блогтар оқы, және сен сияқты тура сондай адам мысалдарын тап.

Өзіңді қауіпсіз сезінетін ортаны ұйымдастыр. Сені қабылдайтын адамдармен дос бол.

«Мен жалғыз емеспін» және «Маған адамдар әрқашан көмектесуге дайын» деген месседждерді жадында сақта.⠀

Буллинг — зорлық-зомбылық болып табылады, сондықтан ең бастысы-көмек сұрау.⠀

Жақындарыңның қолдауын таба алмасаң да, оны бізден міндетті түрде таба аласың, Janym. Біздің сайт арқылы Janym психологымен тегін кеңес алуға өтініш қалдыр.

Ата-ана да баласына қалай көмектесуге болатынын білу үшін психологпен кеңесіуіне болады.