KZ
Жобаға көмектесу

2023 жылды психикалық денсаулығыңызға көмек қолын созудан бастаңыз

Жаңа жылдан бастап біз психикалық денсаулықтың жағдайын қадағалап, не ойлағанымыз және не сезінгеніміз туралы көбірек сөйлесетін кез келді.

Психикалық денсаулықты қадағалау деген — жаман нәрсе емес, бұл әр адам үшін қажет әдет. Бұл сіздің біртүрлі адам екеніңізді білдірмейді.

Біз физикалық денсаулығымызға, денемізге жақсы күтім жасағанмен бірге, өз ойларымыз бен эмоцияларымыздың күйін бақылауымыз керек – бұл біздің психикалық денсаулығымыз деп аталады. Біз оны ұстай алмасақ та, көрмесек те, бұл бірдей маңызды – физикалық денсаулық пен психикалық денсаулық қатар жүреді.

Денемізге жақсы күтім жасау арқылы біз санамызға да жақсы әсер тигізе аламыз. Бұның 5 түрлі әдісі бар.

Біз оларды саусақтарымызбен санай аламыз:

Осы салалардың әрқайсысында жұмыс істей аласыз. Өзіңізге келесі сұрақтарды жиі-жиі қойып тұрыңыз.

Есіңізде болсын, ең қиын жағдайларда сіз біздің психологтарымыздан көмек сұрай аласыз. Біз Қазақстан бойынша, 10 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тегін көмектесеміз.⠀

«Дегдар» Гуманитарлық Қорының қолдауымен жүзеге асырылады