25 қараша – 10 желтоқсан аралығын қамтитын «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясын қолдап, біз сіздерге махаббатқа жатпайтын 5 әрекет туралы айтып береміз.
№1 Зорлық-зомбылық.
Сүйікті адамдарды ұрмайды, қорламайды, дөрекі сөздер айтпайды, зорламайды, бопсаламайды.
№ 2 Елемеу.
Сүйікті адамдар үнсіздікпен жазаланбайды, белгісіз қалдырылмайды.
№3 Өзіне ыңғайлы етіп, адамды өзгертуге талпыныс.
Сүйікті адамдар қайта тәрбиеленбейді, міндет қылмайды.
№4 Бағындыру.
Сүйікті адамдарды шектемейді, құлыптамайды; сүйікті адамдармен манипуляция қолданылмайды.
№ 5 Сатқындық.
Сүйікті адамдарға опасыздық жасалмайды.
Сүйікті адамдарға қамқор болу керек, келісесіз бе?