KZ
Жобаға көмектесу

Стресс шелегі

Сіздің миыңыз шелек, ал стресс — үнемі төгіліп тұратын су деп елестетіп көріңіз. Су келе бергенде не болады? Ақыр соңында ол шетінен ағып кетеді. Бірақ егер сіз шелекте тесіктер жасасаңыз, су біркелкі ағып кетеді.

Стрессті біртіндеп жоятын әрекеттер бар. Хобби, демалу және достарыңызбен араласу стресстің сізді басып кетуіне жол бермейді.

Психикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз. Есіңізде болсын, ең қиын жағдайларда сіз біздің психологтарымыздан көмек сұрай аласыз. Біз Қазақстан бойынша, 10 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тегін көмектесеміз.⠀

«Дегдар» Гуманитарлық Қорының қолдауымен жүзеге асырылады.