RU
RU
Помочь проекту

Жасөспірімге назардың жетіспеуі және онымен не істеу керек

Дәл қазір ойлаңызшы, егер балаңыз сізге ашуланбайтын болса, сіз қалағандай әрекет етсе, оған қаншалықты жиі назар аударасыз? Жасөспірім өзі бірдеңемен айналысады, анасы немесе әкесі өз ісімен айналысады. Бұл бәріне, әсіресе ата-аналарға жайлы болып келетін ең қарапайым жағдай. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгінгі күні жасөспірімге көп уақыт пен көңіл бөлу қиын. Ата-аналар көбіне жұмыста көп уақыт өткізеді. Алайда, жеткілікті көңіл бөлу үшін жасөспірімге тәулігіне 24 сағат бөлудің қажеті жоқ. Тек оған дос болып, оны кез-келген, қандай жағдай болмасын жақсы көретін адам болу маңызды. Кез-келген жағдайда шын сүйетін, бағалайтын және қолдайтын адам болыңыз. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жасөспірімдер үшін ең маңызды және құнды нәрсе – оларды жақсы көру. Сондықтан, егер сіз оларға сүйіспеншілікті, адалдықты, жылулық пен қамқорлықты сөзбен емес, іс жүзінде көрсетсеңіз, олар ешқашан сізді ренжіте алатын әрекетті жасамайды. Олар үшін маңызды шешім қабылдағанда олар алдымен достарымен емес, сіздермен кеңеседі.⁣