RU
RU
Помочь проекту

Шпаргалка по репродуктивному здоровью

Твой друг Janym решил кое-что напомнить❤

Листай карусель ➡️

✔️ Проект реализуется при поддержке Центра Поддержки Гражданских Инициатив

▫️▫️▫️▫️▫️▫️

Сенің досың Janym саған хат қалдырды❤

🌿 Біз сенің дұрыс бағдарда дамуыңды шын жүректен қалаймыз, сондықтан сені болашақтағы ауырсынудан сақтайтын бірнеше кеңестер жинадық. Постты оқып, құндылықтарыңды қазірден бастап қоя біл!

1️⃣ Жыныстық өмірді бастамас бұрын өзіңе бірнеше сұрақ қой.

Жыныстық өмірдің басталу уақытын таңдау — сенің құқығың, бірақ бұған толық жауапкершілікпен қара.
Сен бұған дайынсың ба? Сені ешкім мәжбүрлемей, бұл сенің қалауың ба? Контрацептивтеріңе сенімдісің бе? Сенімен жыныстық қатынаста болатын адам жауапты ма?

2️⃣ Жүкті болуға бір жыныстық байланыс жеткілікті.

Жыныстық өмірді бастауды шешсең, онда міндетті түрде етеккір күнтізбесін сақта, жүктіліктің ықтималдылығы циклге қатты тәуелді және контрацепция тәсілдерін кім не айтса да, назардан тыс қалдырма.
Жоспарланбаған жүктілік-бұл жас ана үшін де, оның баласы үшін де сынақ, ересек әйелге қарағанда, бала әлсіз туылуы мүмкін.

3️⃣ Гигиена.

Әсіресе, менструацияның басталуымен жеке гигиена құралдарын уақытында ауыстыруды немесе душ қабылдауды ұмытпа. Инфекция сыртқы жыныс мүшелеріне еніп, содан кейін ішкі жыныс мүшелерінің қабынуын тудыруы мүмкін.

4️⃣ Андролог / Гинеколог.

Дәрігер контрацепцияның дұрыс әдісін таңдап қана қоймай, жақсы кеңес бере алады. Дәрігерлерге тек «ауырған» кезде ғана бару міндетті емес екендігін ұмытпа.

5️⃣ 45 жасқа қарағанда, 18 жастағы жас адам никотин мен алкогольдан одан қатты соққы қабылдайды.

Жыныс жасушаларына зиян келтіретін факторлар болашақта бедеулікке әкелуі мүмкін.

6️⃣ Ұйқы😊

Психо-эмоционалды стрессті жеңуге жақсы көмектеседі, денсаулық пен менструация мәселелері шешілу мүмкін.

✔️ Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда

@aida_balayeva @shakhmardan_baimanov @askhat_oralov @bolatanapiauly @cisc_official

#janym_org #Almaty #психология #помощь #психологалматы #алматы #казахстан #детскийпсихологалматы #cisc #цпги #cisckz #ЦПГИкз